Бүгін қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған - Бекзат Саттарханов туралы жазылған кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Бұл ерекше сәт елге еңбегі сіңген спортшыға деген зор құрметтің белгісі.
Шара барысында Бекзаттың ардақты анасы - Сырлыкүл апамызға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл - ел ұлына деген мәңгі сағыныштың және ананың еңбегіне деген шынайы алғыстың көрінісі.